|
Wikibilim
«Wikibilim» қоғамдық қоры интернеттегі қазақ тіліндегі мазмұнды (контентті) дамытуды көздейтін коммерциялық емес ұйым.
|
|
Wikibilim өткізетін бәйгеге қатыс! Ана тіліңде мақала жазып құнды сыйлықтарға ие бол!
«Wikibilim» қоғамдық қоры «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры және «Нокиа» компаниясының қолдауымен Wikipedia ашық энциклопедиясындағы қазақ тіліндегі мақалалардың саны мен сапасын арттыру мақсатында бәйге ұйымдастыратынын хабарлайды.
Бәйгенің басталуы: 16 маусым 2011 жыл
Бәйгенің аяқталуы: 16 желтоқсан 2011 жыл
Бәйгенің мақсаты:
- Википедиядағы қазақ тіліндегі мақалалардың саны мен сапасын арттыру,
- Вики-жобаларды дамыту мақсатында қазақ тілді қауымдастық құру,
- Интернеттегі қазақ тіліндегі сапалы мазмұнның (контент) дамуына ықпал ету,
- Интернеттегі қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту,
- Википедияны тіл жанашырларының хоббиіне айналдыру,
- Онлайн сауаттылықтың артуына ықпал ету.
Бәйгенің шарттары:
- Бәйгеге қатысу үшін Википедияға кемінде 100 мақала жазу міндетті;
- Жазылатын мақалалар қазақ тілінде болуы тиіс;
- Мәтін мен суретті басқа сайттардан немесе басылымдардан көшіріп салуға болмайды;
- Мақалалар нақты қайнар көздерге негізделуі керек, барлық сілтемелерді көрсету міндетті;
- Мақала кем дегенде 700 сөзден тұруы тиіс;
- Мақалада кем дегенде 1 сурет болуы керек;
- Мақалада кем дегенде 3 қайнар көзге сілтеме (сноска) болуы тиіс;
- Мақалада негізгі ұғымдар мен түсініктерге вики белгілер қойылуы міндетті;
- Мақалалар ағылшын, орыс немесе басқа тілдердегі
- Википедиядан аударылса құба-құп;
- Мақалаларға тақырып таңдау бәйгеге қатысушының өз еркінде;
Бәйгенің бағалану (қорытындысын шығару) шарттары:
- Бәйге 2011-жылдың 16-желтоқсан күні сағат 12:00-де тоқтатылады;
- Үздік мақалаларды талқылау және таңдау Википедияның арнайы (kk.wikipedia.org/community portal) бетінде жүреді;
- 7-қазаннан бастап 16-желтоқсанға дейін әр аптаның үздік мақаласы таңдалады, осы аралықта үздік деп таңдалған 10 мақаланың авторы жеңімпаз болып танылады;
- Байқау тоқтатылған сәттегі рейтингте, жасалған өңдеу саны бойынша топ жарған 40 адам жеңімпаз деп танылады;
- Үздік мақала авторлары (10 адам) мен мақала өңдеуде топ жарғандар (40 адам) Nokia смартфондарына ие болады;
- Бәйге талаптарына сай 100 мақала жазған 100 адамға ноутбук тапсырылады;
Бәйгеге тіркелу:
- Бәйгеге қатысуға тіркелу www.wikibilim.kz сайтында жүргізіледі;
- Тіркелу үшін Википедиядағы атыңызды (Nickname) және шын атыңызды көрсету қажет;
- Жазылатын мақалалар Википедиядағы пайдаланушы атыңыздан жазылуы қажет, басқа жағдайда мақала саналмайды;
- Тіркелу бетінде жеке куәлігіңіздегі аты-жөніңізді, мекен-жайыңызды, телефондарыңыз бен электронды поштаңызды қалдыру қажет;
Байланыс:
Егер сұрақтарыңыз бар болса, онда келесі мекен-жай бойынша хабарласуыңызға болады: info@wikibilim.kz
Теги: wikibilim, қазақ тіл, википедия
|
|
|